ФИФА Хорватияның Португалиямен матчындағы голының неге есептелмегенін түсіндірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалияға қарсы өткен матчта (2:1) Хорватия құрамасының голының не себепті есептелмегенін түсіндірді.

Еске салайық, 90+13-минутта Хорватия гол соққан болатын. Алайда бас төреші Эспен Эскос VAR жүйесін қарап шыққаннан кейін офсайдқа байланысты голды есепке алмады.

«Trionda добына енгізілген Connected Ball Technology технологиясы ұсынған деректерге сәйкес, Хорватия құрамасының 20-нөмірлі ойыншысы Игор Матанович голға дейін допқа жанасқан. Бұл төрешіге офсайд жағдайын анықтап, голды жоюға мүмкіндік берді», – делінген ФИФА мәлімдемесінде.

Келесі кезеңде Португалия құрамасы Испаниямен кездеседі. Матч 7 шілде күні Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

ФИФА Хорватияның Португалиямен матчындағы голының неге есептелмегенін түсіндірді – sport-hub