Португалия – Хорватия матчындағы үздік ойыншы анықталды

Фото: ФИФА
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Хорватияға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.
Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында өнер көрсететін шабуылшы матчтың 68-минутында пенальтиді дәл орындап, өз командасының алғашқы голын соқты. Нәтижесінде Португалия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Келесі кезеңде португалиялықтар Испания құрамасымен кездеседі. Матч 7 шілде күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
Бұған дейін топтық кезеңде Португалия құрамасы 5 ұпай жинап, K тобында екінші орын алды. Ал Хорватия құрамасы 6 ұпаймен L тобында екінші болып, плей-офф кезеңіне жолдама алған еді.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.