Роналду мен Модрич Португалия – Хорватия матчында рекорд орнатты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич әлем чемпионаттары тарихында рекорд орнатты.

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңген матчта футболшылар әлем чемпионаттары тарихындағы ең жасы үлкен қарсыластар жұбына айналды.

Кездесу кезінде Роналду 41 жас 148 күнде болса, Модрич 40 жас 292 күнде болды. Матч қорытындысы бойынша Португалия құрамасы 1/8 финалға өтіп, жүлде үшін күресін жалғастырады.

Бұған дейін топтық кезеңде Португалия құрамасы 5 ұпай жинап, K тобында екінші орын алды. Ал Хорватия құрамасы 6 ұпаймен L тобында екінші болып, плей-офф кезеңіне шыққан еді.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.