Португалия – Өзбекстан матчында әлем чемпионаттарының рекорды жаңарды

ФИФА
2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында өткен Португалия мен Өзбекстан арасындағы матч (5:0) әлем чемпионаттары тарихына енді. Кездесуде алаңға шыққан екі футболшы арасындағы жас айырмашылығы бойынша жаңа рекорд тіркелді.
Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду мен Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Бехруз Каримов арасындағы жас айырмашылығы 22 жыл 183 күнді құрады.
Матч өткен күні Роналду 41 жас 4 ай 18 күндік болса, Каримовтың жасы 18 жыл 10 ай 16 күн болған.
Бұған дейінгі рекорд 1994 жылғы әлем чемпионатында орнатылған еді. Сол кезде Роже Милла мен Владимир Бесчастных арасындағы жас айырмашылығы 21 жыл 321 күн болған.
Екі турдан кейін K тобында Колумбия 6 ұпаймен көш бастап тұр. Португалия 4 ұпаймен екінші орында келеді. Бір ұпайы бар Конго ДР үшінші орында болса, Өзбекстан әзірге ұпайсыз соңғы сатыда орналасқан.
Топтық кезеңнің соңғы турында Португалия Колумбиямен кездеседі, ал Өзбекстан Конго ДР құрамасымен ойнайды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.