Өзбекстан әлем чемпионатындағы жеңілістерден кейін ФИФА рейтингінде сегіз орынға төмендеді

ФИФА
Өзбекстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның лайв-рейтингіндегі позицияларын жоғалтуды жалғастыруда. 2026 жылғы әлем чемпионатында Португалиядан жеңілгеннен кейін команда 58-орынға сырғыды.
Фабио Каннаваро жаттықтыратын ұжым 11,64 рейтингтік ұпайынан айырылып, екі саты төмендеді. Бұған дейін өзбекстандықтар Колумбиядан 1:3 есебімен жеңіліп, тағы 14,25 ұпай жоғалтып, бес орынға түскен еді. Осылайша, әлем чемпионатындағы екі матчтан кейін команда 25-тен астам рейтингтік ұпайынан айырылып, бірден сегіз орынға төмендеді.
Еске салсақ, екі турдан кейін Португалия төрт ұпаймен K тобында көш бастап тұр. Ал Өзбекстан екі матчта да жеңіліс тауып, соңғы орында келеді. Топтық кезеңнің соңғы турында португалиялықтар Колумбия құрамасымен кездессе, Өзбекстан Конго Демократиялық Республикасы командасына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.