Роналду әлем чемпионатындағы дублінен кейін сыншыларға жауап берді

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Криштиану Роналду Португалия құрамасының Өзбекстанды 5:0 есебімен жеңген ойынына пікір білдіріп, сәтсіз басталған алғашқы матчтан кейін айтылған сындарға жауап берді.

41 жастағы шабуылшы дубль авторы атанып, өз командасының турнирдің плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. Матчтан кейін Роналду Конго Демократиялық Республикасы құрамасымен өткен кездесуден (1:1) кейінгі сындардың салдарынан өткен апта өзіне оңай тимегенін айтты.

«Тынбай еңбек ететін адамдарға Құдай көмектесетінін білемін. Бұл мен үшін ауыр апта болды. Барлығы мен мансабымды аяқтап қойғандай көрінді. Бірақ мен әрдайым төтеп бергенімдей, бұл жолы да шыдадым. Себебі мен футболдан бұрын еңбекке сенемін. Оңай болған жоқ, мұны мойындаймын. Бірақ біз қайта оралдық», – деді Роналду Sport TV арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ португалиялық жұлдыз өзінің Instagram парақшасында «Біз осындамыз!» деген жазбамен жарияланым бөлісті.

Роналду әлем чемпионатындағы дублінен кейін сыншыларға жауап берді – sport-hub