Португалия – Өзбекстан матчының тікелей трансляциясы

Фото: FPF
Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Өзбекстанға қарсы ойнайды.
К тобы аясындағы кездесу 23 маусым күні Хьюстон қаласындағы «NRG Stadium» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ кездесудің маңызды сәттерін Sport-hub.kz телеграм арнасынан тікелей мәтіндік трансляция арқылы бақылауға болады.
Бірінші турдан кейін К тобында Колумбия көш бастап тұр. Португалия мен Конго ДР-ның еншісінде бір ұпайдан бар, ал Өзбекстан әзірге ұпай жинай алған жоқ. Алғашқы матчтарда Колумбия Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңсе, Португалия мен Конго ДР 1:1 есебімен тең түскен еді.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысуда.