Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасын тарихи жеңісімен құттықтады

Али Асетов··
Фото: Olympic.kz

Фото: Olympic.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконгта өткен әлем чемпионатында тарихи жетістікке жеткен ерлер құрамасын (шпага) құттықтады.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан ресми мәлімдемеде ұлттық құраманың жеңісі қазақстандық спорт үшін тарихи оқиға екені атап өтілді. Президент спортшылардың жоғары шеберлігі, жанқиярлығы және командалық бірлігінің арқасында осындай зор нәтижеге қол жеткізгенін ерекше атап өтті.