Прокуратура ӘЧ-2026 билеттерінің бағасына назар аударды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: depositphotos.com

Фото: depositphotos.com

Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарының бас прокурорлары 2026 жылғы әлем чемпионаты билеттерін сату ісі бойынша FIFA өкілдерінің жауап алуға келуін талап етті.

ESPN мәліметінше, прокурорлар FIFA-дан Нью-Джерсидегі Ист-Ратерфорд қаласындағы MetLife стадионында өтетін сегіз матчқа қатысты билет сату құжаттарын сұратқан. Олардың қатарында 19 шілдеде өтетін әлем чемпионатының финалы да бар.

Прокурорлардың бірлескен мәлімдемесінде ӘЧ-2026 матчтарының билет бағасы алдыңғы әлем чемпионаттарымен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттағаны айтылған. Сондай-ақ бұл турнир FIFA тарихында билеттерге динамикалық баға жүйесі енгізілген алғашқы әлем чемпионаты екені атап өтілді.

Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.