Басты бет
·
Футбол

ПСЖ «Барселонаны» жеңгенімен, үш негізгі ойыншысынан айырылды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Чемпиондар лигасында «Барселонаны» жеңген француздық ПСЖ клубы ауыр кадрлық шығынға ұшырады. Париждік команда үш футболшысының жарақат алғанын хабарлады.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда ПСЖ испаниялық клубты 4:2 есебімен жеңді. Алайда матч барысында париждіктер үш мәжбүрлі ауысым жасауға мәжбүр болды. Қорғаушы Маркиньос пен шабуылшылар Хвича Кварацхелия және Усман Дембеле кездесуді жалғастыра алмады.

Ең ауыр жарақат грузиялық вингер Хвича Кварацхелиядан анықталды. Медициналық тексеру оның оң тізесіндегі алдыңғы айқас байламының үзілгенін көрсетті. Жақын арада футболшыға ота жасалады. Оның алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Ал Усман Дембеле мен Маркиньос ауыр жарақаттан аман қалғанымен, олардың да қалпына келуіне уақыт қажет. Франциялық шабуылшының сол жамбасынан, ал бразилиялық қорғаушының оң жамбасынан жарақат анықталды. Клубтың мәліметінше, екі ойыншының да емделуіне бірнеше апта қажет болады.

Кадрлық шығындарға қарамастан, ПСЖ Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсетіп келеді. Команда алғашқы үш матчтың барлығында жеңіске жетіп, тоғыз ұпай жинады. Ал «Барселона» осы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, алты ұпаймен қалды.

Еске салайық, ПСЖ Чемпиондар лигасындағы келесі матчын Испанияда «Вильярреалға» қарсы өткізеді.

ПСЖ «Барселонаны» жеңгенімен, үш негізгі ойыншысынан айырылды – sport-hub