Путинцева Бенчичті жеңгені туралы: «Соңына дейін күресемін»

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында швейцариялық Белинда Бенчичті (WTA рейтингінде 12-орын) жеңгеннен кейін өз ойымен бөлісті.

Әлемнің 84-ракеткасы қарсыласын 4:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 51 минутқа созылды.

«Бұл жердегі корттар немесе доптар маған ұнайды деп айта алмаймын. Мен әр кездесуде соңына дейін күресіп, жағдайға қарамастан өзімнің ең үздік теннисіімді көрсетуге тырысамын. Кейде бұл нәтиже береді, кейде бермейді. Мен өз жұмысымды жасап, аянбай еңбек етемін және айналамда болып жатқан дүниелердің бәрімен, сондай-ақ өзіммен күресемін. Әрине, жеңілгеннен гөрі жеңіске жеткен жақсы. Мен бақыттымын. Енді келесі матч туралы ойлап жатырмын. Менің турнирлік жолым қиын, сондықтан жақсылап дайындалуым керек», – деп Путинцеваның сөзін WTA келтіреді.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 121-ракеткасы Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Қытайлық теннисші негізгі кезеңге іріктеу арқылы өтіп, Нью-Йоркте төрт матч өткізіп үлгерді.

Путинцева бұған дейін Чжэн Циньвэньмен өткізген екі кездесудің екеуінде де жеңіске жеткен. Екі матч та сазды жабында өткен. Теннисшілер соңғы рет 2024 жылы Мадридтегі WTA-1000 турнирінде кездескен.

Путинцева Бенчичті жеңгені туралы: «Соңына дейін күресемін» – sport-hub