«Қайрат» – «Андерлехт»: Еуропа лигасы матчінің тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» пен бельгиялық «Андерлехт» УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді.

Кездесу 20 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталу ысқырығы жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де соғылады. Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасындағы live форматында бақылауға болады.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалғаннан кейін Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Үшінші іріктеу кезеңінде алматылықтар болгариялық «Левскиге» екі матчта да 0:2 есебімен жеңілді. Бұған дейін қазақстандық клуб черногориялық «Сутьесканы» (4:1) және кипрлік «Омонияны» (1:1; пенальти бойынша 6:5) жеңген болатын.

«Андерлехт» биылғы еурокубоктық науқанын Еуропа лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Екінші кезеңде бельгиялықтар швециялық «Хаммарбюден» (4:2) басым түссе, кейін грекиялық ПАОК-ты (4:2) жеңді.

«Андерлехт» пен «Қайрат» арасындағы қарымта матч 27 тамызда Брюссельде өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда маусымын Конференция лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.