Уразбахтин «Қайраттың» қазіргі ойыншыларын Дастан Сәтпаевпен салыстыруға қатысты пікір білдірді

Аружан Талғат··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команданың қазіргі құрамы туралы айтып, алматылық клуб футболшыларын Дастан Сәтпаевпен салыстыруға қатысты пікірін білдірді.

Маманның айтуынша, басқа ойыншыларды Сәтпаевпен салыстыру дұрыс емес. Себебі жас шабуылшы командаға бірден нәтиже әкеле бастаған.

«Құрам туралы айтатын болсақ, қазіргі ойыншыларды Сәтпаевпен салыстыратындар мынаны түсінуі керек: Дастан мүлдем басқа футболшы. Ол алаңға шыға салысымен бірден нәтиже көрсететін. Ал трансферлерге қатысты сұрақты клуб басшылығына қойған дұрыс. Қазір жағдай осындай, сондықтан қолымыздағы ойыншылармен ойнаймыз», — деді Уразбахтин.

Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында «Қайраттан» кетіп, Англияға аттанды. Кәмелет жасына толғаннан кейін қазақстандық шабуылшы ресми түрде «Челси» сапына қосылып, лондондық клубпен бірге маусым алдындағы дайындыққа қатысты.

Кейін Сәтпаев жалға алу құқығымен «Бернлиге» ауысып, қазіргі уақытта мансабын осы командада жалғастырып жатыр. Алайда қазақстандық шабуылшының келісімшарты «Челсиге» тиесілі.