«Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші кезеңіндегі ықтимал қарсыласын білді

«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымындағы ықтимал қарсыласы анықталды.
Егер Рафаэль Оразбақтин шәкірттері алғашқы іріктеу кезеңінен сәтті өтсе, келесі сатыда Кипрдің «Омония» клубымен кездесуі мүмкін. Бұл команда қазақстандық клубтың турнирдегі келесі қарсыласы ретінде қарастырылып отыр.
Еске салайық, «Қайрат» биылғы Чемпиондар лигасындағы жолын Черногорияның «Сутьеска» клубына қарсы матчпен бастайды. Алғашқы ойын 8 шілдеде Алматыда өтсе, қарымта кездесу 15 шілдеде Черногорияда ұйымдастырылады.
Егер алматылық клуб бірінші кезең кедергісінен өте алса, Чемпиондар лигасының іріктеу жарысындағы күресін жалғастырады. Ал сәтсіздікке ұшыраған жағдайда команда Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне ауысады.