«Қайрат» қорғаушысы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Бекарыс Әлімхан··
ҚФФ

ҚФФ

Алматылық «Қайрат» футболшысы Еркін Тапалов УЕФА Ұлттар лигасындағы матчтар алдында Астанада Қазақстан құрамасына қосылады.

Тапалов бұған дейін кеңейтілген құрамға енгенімен, соңғы тізімге ілікпеген еді.

Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарымен, ал 29 қыркүйекте Словакиямен кездеседі. Одан кейін ұлттық команда 2 және 6 қазанда Астанада Молдова мен Фарер аралдарына қарсы матч өткізеді.

«Қайрат» КПЛ-да 26 ойыннан кейін 57 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Алматы клубы көш басындағы «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып келеді.

Алматылықтар келесі матчын 10 қазанда өз алаңында «Жетісуға» қарсы өткізеді.

«Қайрат» қорғаушысы Қазақстан құрамасына шақырту алды – sport-hub