«Қайрат» – «Сутьеска»: ЧЛ іріктеу кезеңіндегі матчтың тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Черногорияның «Сутьеска» клубына қарсы өткізеді.

Бірінші кездесу 8 шілде күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.

Айта кетейік, өткен маусымда «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетті. Алматы клубы жеті матчта жеңіліп, бір рет тең ойнады. Бір ұпай жинаған «Қайрат» турнир кестесінде соңғы, 36-орынға тұрақтады.

УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы іріктеу ойындары 7 шілде мен 26 тамыз аралығында өтеді. Жалпы кезең 8 қыркүйектен 2027 жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасады.