«Қайраттың» Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды

Бегасыл Амирбай ··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» егер кипрлік «Омониядан» өте алса, УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді.

Үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі 20 шілде күні Қазақстан уақытымен 15:00-де өтеді. «Қайрат» – «Омония» жұбының жеңімпазы себілген командалар қатарында болады.

Келесі кезеңге өткен жағдайда «Қайрат» мына жұптардың бірінің жеңімпазымен ойнайды: «Арарат-Армения» (Армения) – «Шэмрок Роверс» (Ирландия); «Сабах» (Әзербайжан) – КуПС (Финляндия); «Викингур Рейкьявик» (Исландия) – «Хапоэль Беэр-Шева» (Израиль); «Мьельбю» (Швеция) – «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар); «Левски» (Болгария) – «Университатя Крайова» (Румыния); «Клаксвик» (Фарер аралдары) – «Кауно Жальгирис» (Литва).

Екінші іріктеу кезеңіндегі «Омония» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы матч 22 шілдеде Никосияда өтеді, ал жауапты кездесу 29 шілдеде Алматыда болады. Үшінші іріктеу кезеңінің матчтары 5 және 11 тамызға жоспарланған.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды – sport-hub