«Қайсар» ҚПЛ-дағы жеңілістен кейін бас бапкерсіз қалды

Фото: КФФ
Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасындағы күтпеген жеңілістен кейін бас бапкерсіз қалды.
Андрей Ферапонтов өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» 2:3 есебімен есе жібергеннен кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы AmanVIBE хабарлады.
Ферапонтов «Қайсарды» 2025 жылдың қарашасынан бері жаттықтырып келді. Ол клуб жекеменшік қолға өткеннен кейін команданың алғашқы бас бапкері болды.
Бұл маусымда «Қайсардың» нәтижелері көңіл көншітпейді. 23 ойыннан кейін қызылордалық команда 20 ұпаймен ҚПЛ-дағы турнирлік кестеде 13-орында тұр. Команда үш рет жеңіске жетіп, 11 матчта тең ойнаған және тоғыз кездесуде жеңілген.
Сонымен қатар Ферапонтовтың жетекшілігімен «Қайсар» Қазақстан кубогында жақсы нәтиже көрсетті. Қызылордалық клуб турнирдің финалына дейін жетіп, шешуші матчта шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнайды.