Ромащенко «Тобылдың» «Қайсарды» жеңгеннен кейінгі мәселелерін атады

Бекарыс Әлімхан··
«Тобыл» ФК

«Тобыл» ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турының кейінге шегерілген матчында «Тобыл» «Қайсарды» жеңді. Қостанайда өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

Матч қорытындысын шығарған Ромащенко команданың қорғаныстағы ойынына назар аударды.

«Жігіттерді жеңісімен құттықтағым келеді. Өз ойынымызды таңуға тырыстық. Кей тұстарда бұл жақсы жүзеге асты, алайда ара-тұра қиындықтар болды. Өйткені қарсылас «автобус» қойып, іс жүзінде он ойыншының барлығы доптың артында орналасады. Өз алаңымызда үш гол соғу жаман көрсеткіш емес деп ойлаймын. Бірақ екі голды да стандартты жағдайлардан кейін жіберіп алдық. Ұйымдасуымызды жақсартуымыз керек, бұл бағытта әлі жұмыс істеуіміз қажет. Ойыншыларға сабыры, мінезі және алаңдағы бар күшін салғаны үшін алғыс айтқым келеді. Ендігі міндетіміз қалпымызды қалпына келтіріп, сырт алаңдағы матчқа дайындалу», – деді маман.

22 матчтан кейін «Тобыл» 28 ұпай жинап, жетінші орында келеді. Ал «Қайсардың» еншісінде 20 ұпай бар. Қызылордалық команда КПЛ турнирлік кестесінде 13-орында тұр.

«Тобыл» келесі матчын 30 тамызда Ақтауда «Каспийге» қарсы өткізеді. Ал «Қайсар» 29 тамызда «Оқжетпеспен» кездеседі.