Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінің плей-офф кезеңіне шықты

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ҚФФ

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңіндегі плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстандық футболшылар іріктеу турнирінің С6 тобында 7 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Осы нәтижесінің арқасында команда плей-офф кезеңінің алғашқы раундына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Топ жеңімпазы атанған Беларусь құрамасы 9 ұпай жинады. Ал Армения құрамасы 1 ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында қалды.

Плей-офф кезеңінің бірінші раундына арналған жеребе тарту рәсімі 2026 жылғы 18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.

Әйелдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионаты 24 маусым мен 25 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Турнирге 32 құрама қатысады. Командалар сегіз топқа бөлініп, әлем чемпионатының жүлдесі үшін бақ сынайды.