Сергей Малый Венгрияға қарсы матчта Қазақстан құрамасындағы ең жоғары бағаны алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚФФ

Фото: ҚФФ

Sofascore статистикалық порталы Венгрия құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуден кейін Қазақстан ұлттық құрамасы футболшыларының бағаларын жариялады. Матч 1:3 есебімен қазақстандықтардың жеңілісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік ойыншы қорғаушы Сергей Малый атанды. Ол 7,7 балл алды. Футболшы бірінші таймда бұрыштамадан көтерілген доптан кейін командасының жалғыз голын соқты.

Қазақстан құрамасындағы ең төмен баға шабуылшы Максим Самородовқа берілді – 5,9 балл. Ол матчтың 63-минутында екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Дәл осындай бағаны жартылай қорғаушы Дінмұхамед Қараман да алды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ойыншыларының орташа бағасы 6,42 балды құрады.