Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Азия ойындарының ширек финалына шықты
Бөлісу

ҚР ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинді жеңіп, 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды.
Асқар Шалкибековтің шәкірттері тартысты өткен алғашқы партияда 27:29 есебімен жеңіліп қалғанымен, кейін қатарынан үш сетте басым түсті – 26:24, 25:23, 25:19. Қазақстандық волейболшылар келесі екі партияда да аз ғана басымдықпен жеңіске жетсе, төртінші сетте ойын тізгінін толық өз қолдарына алып, матчты жеңіспен аяқтады.
Қазақстан құрамасы ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды. Бұған дейін Қытай құрамасы Филиппинді 3:0 есебімен жеңіп, екі команда да қарсыластарына қолжетімсіз болды. В тобындағы жеңімпаз 18 қыркүйекте Қытаймен өтетін матчтан кейін анықталады.