Қазақстан бадминтоннан Арменияда өткен турнирде бес медаль жеңіп алды
Бөлісу

ҚР ХОК
Қазақстанның бадминтон құрамасы 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы European Youth Grand Prix халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды.
Жарыстың басты қаһарманы Арслан Орманов болды. Ол ұлдар арасындағы жекелей сында алтын медаль иеленді.
Қыздар арасында Вероника Моисеенко күміс жүлдегер атанды.Моисеенко жұптық сында да күміс медаль жеңіп алды, ал Орманов осы дисциплинада қола жүлдеге ие болды.
Тағы бір қола медальді Қазақстанға аралас жұп Арслан Орманов пен Вероника Моисеенко әкелді. Олар тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.