Қазақстандық бессайысшылар Әлем кубогы кезеңінде финалға шыға алмады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ХОК

Фото: ҚР ХОК

Қазақстандық бессайысшылар Будапештте өткен Әлем кубогы кезеңіндегі жарысты финалға шықпай аяқтады. Құрама сапындағы ең үздік нәтиже Темірлан Әбдірайымовқа тиесілі болды, ол жартылай финалға дейін жетті.

Темірлан Әбдірайымов іріктеу кезеңін сәтті өткергенімен, жартылай финалда A тобында өнер көрсетіп, 16-орынға ие болды және шешуші кезеңге өте алмады.

Ерлер құрамасының қалған спортшылары іріктеу кезеңінде-ақ жарысты аяқтады. Лев Чувашов A тобында 18-орын алды, Константин Сычев D тобында 27-орынға тұрақтады, ал Кирилл Стадник 33-орынмен аяқтады.

Әйелдер арасындағы жарыста Полина Андреева A тобында 33-орынға ие болса, Диана Щедрова C тобында 30-орын алды.