Қазақстандық мергендер әлем кубогы кезеңінде үздік алтылыққа енді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық садақшылар Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев Антальяда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде алтыншы орынға ие болды. Блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста олар ширек финалға дейін жетті.

Жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар Мексика құрамасымен сынға түсіп, 155:158 есебімен жеңіліп қалды.

Лян мен Қарабаев ширек финалға дейінгі жолда Малайзия және Германия командаларын жеңіп, турнирдің үздік қатысушылары қатарына енген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін әлем кубогы кезеңінде Виктория Лян, Диана Юнусова және Әдел Жексенбиновадан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы жетінші орын алған еді.

Ал Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн өнер көрсеткен ерлер құрамасы жарысты оныншы орынмен аяқтады.

Қазақстандық мергендер әлем кубогы кезеңінде үздік алтылыққа енді – sport-hub