Қазақстан Batumi Cup-2026 турнирін жеңіспен бастады

ҚФФ
Қазақстанның U-16 жасөспірімдер құрамасы Грузияда өтіп жатқан Batumi Cup-2026 халықаралық турниріндегі алғашқы матчында Батуми қаласының «Динамо» командасын 5:0 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы сапында Дастан Рустем, Сержан Жанмұрат және Максим Бонет бір-бір голдан соқты. Ал Мансур Ақылбек дубль авторы атанды. Batumi Cup-2026 турниріне Қазақстан құрамасының 21 футболшысы енгізілді.
Келесі матчта команда 8 қазанда грузиялық «Ибериямен» кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы кездесуін 9 қазанда испаниялық «Вильярреалға» қарсы өткізеді. Матч сағат 12:00-де басталады.