Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында Жапониядан жеңіліп қалды

Али Асетов··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарындағы үстел теннисінен командалық жарыстың ширек финалында Жапониядан жеңіліп қалды.

Ширек финалда қазақстандық теннисшілер турнир қожайындары Жапония құрамасымен кездесті. Жапония спортшылары 3:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Шешуші кезеңде Қазақстан намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Санжар Жұбанов қорғады.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңді сәтті өткізіп, G тобында алты ұпаймен бірінші орын алған еді. Осы нәтиженің арқасында команда плей-оффқа шықты.

Қазақстанның плей-оффтағы алғашқы қарсыласы Бахрейн құрамасы болды. Отандастарымыз қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарындағы командалық жарысты ширек финалда аяқтады.