Қазақстан – Фарер аралдары: Ұлттар лигасы матчының тікелей трансляциясы

ҚФФ
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турында Фарер аралдарымен кездеседі.
Матч 6 қазанда «Астана Аренада» өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Кездесудің маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live форматында да бақылауға болады.
Қазақстан құрамасы алғашқы үш турдан кейін бір ұпай жинады. Команда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең ойнап, кейін Словакиядан (1:2) және Молдовадан (1:2) жеңілді. Ал Фарер аралдары алғашқы үш кездесуінің барлығын тең аяқтады: Қазақстан, Молдова және Словакия құрамаларымен болған ойындардың бәрі 1:1 есебімен аяқталды.
Төртінші тур қарсаңында C3 тобында Словакия жеті ұпаймен көш бастап тұр. Молдованың еншісінде төрт ұпай, Фарер аралдарында үш ұпай бар. Қазақстан бір ұпаймен төртінші орында келеді. 6 қазандағы параллель матчта Молдова Словакияны қабылдайды.
Қазақстан мен Фарер аралдарының Ұлттар лигасындағы биылғы алғашқы матчы 26 қыркүйекте Торсхавнда өтіп, 1:1 есебімен аяқталған еді. Жалпы, құрамалар алты рет кездескен: Қазақстан бір рет жеңсе, Фарер аралдары үш рет басым түскен, тағы екі матч тең аяқталған. Қазақстанның Фарер аралдарына қарсы жалғыз жеңісі 2013 жылғы қыркүйекте «Астана Аренада» тіркелді — 2:1.