Қазақстан Гонконгта өтетін дзюдодан Азия кубогына 12 спортшыны тіркеді

Фото: IJF
Қазақстан құрамасы 28-29 қараша күндері Гонконгта өтетін дзюдодан Hong Kong Asian Open 2026 ашық Азия кубогына қатысады, деп хабарлайды Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF).
IJF жариялаған алдын ала тізімге Қазақстаннан 12 дзюдошы енді. Оның жетеуі ерлер, бесеуі әйелдер арасында сынға түседі. Отандастарымыз жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Ерлер:
- 60 келі: Данияр Кулушев, Нұрсұлтан Бейсенбек, Дамир Болатбеков;
- 66 келі: Айбек Иемберген, Табылды Биғамбаев, Қайрат Жеңісұлы;
- 81 келі: Елзат Нұрмәділ.
Әйелдер:
- 48 келі: Сымбат Тағай, Зере Өтепқали;
- 52 келі: Нұрайым Сәрсенбек;
- 63 келі: Нұрай Жеңіс;
- 78 келі: Аружан Жандарбай.
Айта кетейік, бұл әзірге алдын ала жарияланған құрам. Турнир басталғанға дейін қатысушылар тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.