Қазақстан Индонезиядағы таеквондо турнирінде төрт қола медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: taekwondo_kaz

Фото: taekwondo_kaz

Қазақстан құрамасы таеквондодан Asian Taekwondo Indonesia Open Championships 2026 халықаралық турнирінде төрт қола медаль иеленді.

Жүлдегерлер қатарында Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Жасурбек Исроилов (63 келіге дейін), Абдурахман Марипов (80 келіге дейін) және Нурканат Кожахмет (87 келіге дейін) бар. Олардың барлығы өз салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Сегізінші рет ұйымдастырылған Asian Taekwondo Indonesia Open Championships 2026 турнирі 1-5 тамыз аралығында Индонезия астанасында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (WT) қолдауымен өтті.

Қазақстан Индонезиядағы таеквондо турнирінде төрт қола медаль жеңіп алды – sport-hub