Қазақстан таеквондодан командалық әлем кубогында қола жүлде алды
Бөлісу

ҚР ҰОК
Қазақстанның таеквондо құрамасы Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өткен командалық әлем кубогында қола медаль жеңіп алды.
Аралас командалар арасындағы үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Таиландты 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Команда сапында Аружан Найманбаева, Аида Таукенова, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Күсетов өнер көрсетті. Бұған дейін турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болған еді.
Таеквондодан командалық әлем кубогы Чунчхон қаласында 14–16 шілде аралығында өтті.