Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: qaztkd

Фото: qaztkd

Қазақстанның ерлер құрамасы (WT) таеквондодан Чунчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан командалық Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды.

Финалға дейін қазақстандық спортшылар екі кездесу өткізді.

Ширек финалда ұлттық құрама Марокко командасын 2:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Ресей құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті. Ал алтын медаль үшін өткен финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Қытайға 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасының сапында Максат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Күсетов өнер көрсетті.

Айта кетейік, турнир 14–16 шілде аралығында Чунчхон қаласында өтуде.