Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір күміс медаль жеңіп алды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ҚР ҰОК ресми сайты

Фото: ҚР ҰОК ресми сайты

Қазақстанның көркем гимнастика құрамасы Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

25 мамыр күні жекелей көпсайыстың финалы өтті. Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Ертайқызы 113,65 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал Ерекешева 111,90 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

Көпсайыста Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова 115,10 ұпаймен чемпион атанды. Қола медальді оның отандасы Наталья Усова жеңіп алды — 112,40 ұпай.

Еске салайық, бүгін топтық көпсайыстың да финалы өтеді. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы турнирдің командалық есебінде күміс жүлдегер атанған еді.

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір күміс медаль жеңіп алды – sport-hub