Қазақстандық гимнасттар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстанның батут гимнастикасы құрамасы Гонконгта өткен Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы жекелей секіруде Виктория Бутолина турнирдің қола жүлдегері атанды.
Қазақстанға тағы бір медальді Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов әкелді. Ерлер арасындағы синхронды секіруде қазақстандық спортшылар екінші орын иеленді.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасы жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы жарыстарда он медаль жеңіп алды. Команданың еншісінде екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде бар.