Қазақстан көшпенділер ойындарындағы 300 шақырымдық ат жарысында бірінші болып мәреге жетті

Aibar Rysdaulet··
Қазақстан көшпенділер ойындарындағы 300 шақырымдық ат жарысында бірінші болып мәреге жетті

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен жорық — ұзақ қашықтыққа атпен жүру жарысында жеңіске жетті.

Қазақстандық шабандоздар 300 шақырымдық қашықтықты төрт күнде бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Екінші және үшінші орындарды Қырғызстан өкілдері иеленді.

Қазақстан құрамасының жеңімпаздар сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Рейімбай Қанат және Есен Ахмет өнер көрсетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының осы бағдарламасында алтын медаль жеңіп алды.