Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Қазақстан күрестен әлем чемпионатына қатысатын түпкілікті құрамын жариялады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: UWW

Фото: UWW

Қазақстан құрамасы 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын түпкілікті құрамын анықтады.

Отандастарымызды өз алаңындағы әлем біріншілігінде 30 спортшы таныстырады. Олардың әрқайсысы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен он балуаннан бөлінген. Қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасындағы барлық салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысатын түпкілікті құрамы:

Грек-рим күресі:

55 келіге дейін – Исхар Құрбаев;

60 келіге дейін – Айдос Сұлтанғали;

63 келіге дейін – Мейрамбек Айнағұлов;

67 келіге дейін – Бағдат Сабаз;

72 келіге дейін – Алматбек Аманбек;

77 келіге дейін – Мерей Мәулітқанов;

82 келіге дейін – Ибрагим Магомадов;

87 келіге дейін – Нұрсұлтан Тұрсынов;

97 келіге дейін – Ислам Евлоев;

130 келіге дейін – Олжас Сырлыбай.

Еркін күрес:

57 келіге дейін – Мейрамбек Картбай;

61 келіге дейін – Асыл Айтақын;

65 келіге дейін – Дастанбек Өсімжан;

70 келіге дейін – Санжар Досжанов;

74 келіге дейін – Нұрқожа Қайпанов;

79 келіге дейін – Шамсат Таир;

86 келіге дейін – Болат Сақаев;

92 келіге дейін – Азамат Дәулетбеков;

97 келіге дейін – Ризабек Айтмұхан;

125 келіге дейін – Едіге Қасымбек.

Әйелдер күресі:

50 келіге дейін – Зейнеп Баянова;

53 келіге дейін – Айнұр Әшімова;

55 келіге дейін – Лаура Алмағанбетова;

57 келіге дейін – Алтын Шағаева;

59 келіге дейін – Нилуфар Раимова;

62 келіге дейін – Ирина Кузнецова;

65 келіге дейін – Бейбіт Сейдуәлі;

68 келіге дейін – Ирина Казюлина;

72 келіге дейін – Жәмилә Бақбергенова;

76 келіге дейін – Гүлмарал Еркебаева.

Әлем чемпионатына 135 елден 900-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Тоғыз күнге созылатын жарыс барысында 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Астана күрестен әлем чемпионатын 2019 жылдан кейін екінші рет қабылдайды. Бастапқыда жарысты Бахрейннің Манама қаласында өткізу жоспарланған еді. Алайда мамыр айында Біріккен әлем күресі ұйымы (UWW) турнирдің Қазақстан астанасына көшірілгенін жариялады.