Қазақстан Моңғолиядағы рейтингтік турнирге қатысатын құрамын жариялады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazwrestling

Фото: kazwrestling

Қазақстанның күрес құрамасы 4-7 маусым аралығында Ұлан-Батырда өтетін UWW рейтингтік турнирінде өнер көрсетеді.

Жарыста ұлттық құрама күрестің олимпиадалық үш түрі бойынша да сынға түседі.

Еркін күрес құрамасына Азамат Дәулетбеков, Едіге Қасымбек, Абзал Өкенов, Мейрамбек Қартбай, Болат Сақаев және басқа да спортшылар енді.

Грек-рим күресінде Қазақстан намысын Досжан Өтепқалиев, Еркебұлан Ардақов, Нұрасыл Аманалы, Әлішер Ерғали және Олжас Сырлыбай қорғайды.

Әйелдер құрамасында Жәмила Бақбергенова, Эльмира Сыздықова, Ирина Казюлина, Зейнеп Баянова, Марал Таңірбергенова, Лаура Алмағанбетова және Нилуфар Раимова өнер көрсетеді.

Рейтингтік турнир Моңғолия астанасында 4-7 маусым аралығында өтеді.