Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстан Пара Азия ойындарында пара үстел теннисінен алғашқы медальдарын жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Аян Несипбеков

Фото: Аян Несипбеков

Қазақстандық Ардақ Нұрмағамбетов пен Әли Махулбеков Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Пара Азия ойындарында пара үстел теннисінен қола медаль иеленді.

Ардақ Нұрмағамбетов ерлер арасындағы жекелей сында 1-сынып бойынша үшінші орын алды. Қазақстандық спортшы шешуші кездесулердің бірінде үндістандық Сандип Дангені 3:0 есебімен жеңіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Қазақстан қоржынына екінші медальді 8-сыныпта өнер көрсеткен Әли Махулбеков салды. Ол жартылай финалда Қытай өкілі Чжао Шуаимен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде отандасымыз қола жүлдегер атанды.

Еске салайық, 2026 жылғы Пара Азия ойындары Жапонияда 18-24 қазан аралығында өтеді. Жарыстарды Айти префектурасы мен Нагоя қаласы қабылдап жатыр.