Қазақстан құрамасы Беларусьтен ойсырай жеңілді: матчтың бейнешолуы

kff_team_futsal
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші матчында Беларусьтен ірі есеппен жеңілді.
Словакияның Гуменне қаласында өткен кездесуде қазақстандық футзалшылар қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.
Беларусь құрамасы ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдықты өз қолына алды. Жетінші минутта Владислав Селюк есеп ашса, көп ұзамай Алексей Пинчук айырмашылықты еселеді. Ал 13-минутта Виталий Шадурка үшінші голды соқты.
Екінші таймда да Қазақстан құрамасы ойын барысын өзгерте алмады. 29-минутта Сергей Крыкун есепті 4:0-ге жеткізді.
37-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Эдсон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Кездесудің соңына қарай Сергей Синицкий бесінші голды соқты.
Қазақстандықтар тек соңғы минутта ғана қарымта гол соға алды. Ұлттық құраманың жалғыз голының авторы – Ринат Төреғазин.
Осылайша, Беларусь құрамасы бұған дейінгі жеңілісінің есесін қайтарып, Қазақстанға қазіргі іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңілісін тіркетті.
Беларусь – Қазақстан – 5:1
Матчтың бейнешолуы: