Қазақстан құрамасы ФИФА рейтиңінде бір саты жоғарылады
Бөлісу

Фото: ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтиңінде өз көрсеткішін жақсартып, бір сатыға көтерілді.
Жаңа рейтингте Қазақстан құрамасы 109-орынға жайғасты. Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда алдыңғы рейтингтегі 110-сатыдан бір орын жоғары көтерілді.
Айта кетейік, рейтингтің алғашқы бестігіне қазіргі әлем чемпиондары Аргентина құрамасы көш бастап кірді. Одан кейін Испания мен Франция орналасқан. Ал үздік бестікті Англия мен Португалия құрамалары түйіндеп тұр.
Маусым айында Қазақстан құрамасы екі жолдастық матч өткізеді. 6 маусымда ұлттық құрама Ереванда Армениямен кездессе, 9 маусым сырт алаңда Венгрия құрамасына қарсы ойнайды.