Қазақстан құрамасы сурдо-футзалдан алғаш рет Азия чемпионы атанды

Фото: Спорт министрлігі
Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы сурдо-футзалдан Қазақстан құрамасы Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында алғаш рет жеңімпаз атанды.
Турнир айналым жүйесі бойынша өтті. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Оман және Өзбекстан құрамаларын жеңді. Ал шешуші кездесуде Бахрейнді 2:1 есебімен ұтып, Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
«Біздің құрама тарихта алғаш рет Азия чемпионы атанды. Осы турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2027 жылғы 15–24 қаңтар аралығында Аустрияда өтетін XXI қысқы Сурдлимпиада ойындарына жолдама алды. Сонымен қатар Ислам Құрбанов Азия чемпионатының үздік қақпашысы деп танылды», – деді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Арман Әмренов.
Азия чемпионатының күміс жүлдесін Сауд Арабиясы иеленсе, қола медаль Өзбекстан құрамасына бұйырды.
Айта кетейік, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы сурдо-футзалдан Азия чемпионаты 26 маусым мен 5 шілде аралығында Бішкекте өтті.