Қазақстан құрамасы жағажай футболы бойынша Еуролиганы жеңіліспен бастады
Бөлісу

Қазақстанның жағажай футболы бойынша ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуролигасының А дивизионын жеңіліспен бастады.
Кишинев қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы матчында қазақстандықтар алаң иелері Молдова құрамасына жол берді.
Алаң қожайындары алғашқы кезеңде-ақ басымдыққа ие болды. Алтыншы минутта Игнат есеп ашса, бір минуттан кейін Флореа молдовалықтардың басымдығын еселей түсті.
Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз голды 11-минутта Баянбек Муралинов соқты. Есепті теңестіруге тырысқанымен, қазақстандықтар жеңілістен құтыла алмады – 1:2.
Еуролигасының А дивизионы аясындағы келесі матчта Қазақстан құрамасы 30 шілде күні турнир фавориттерінің бірі Италия құрамасына қарсы ойнайды.