Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады

Фото: ҚР ҰОК
Жеңіл атлетикадан Қазақстан жастар құрамасы Қытайда өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.
Құрлықтық дода 9-12 шілде аралығында Ордос қаласында өтеді. Қазақстан намысын жарыста 21 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың бапкерлер штабы жүгіру, секіру, спорттық жүріс, көпсайыс және эстафеталық жарыстарға қатысатын атлеттерді анықталды.
Құрамға Аяна Болатбекқызы, Александр Жигарь, Ақбаян Нұрмамет, Виктория Сукачева, Ринат Кулыгин, Бағжан Серікқан, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода, Ақбілек Құралбай, Мария Шувалова, Анна Шумило, Екатерина Пузырёва, Дарья Гридасова, Татьяна Но, Фаина Мейірманова, Диляра Хайбуллина, Максим Балабин, Анастасия Рыпакова, Ясмина Тоқсанбаева, Эльмира Калимуллина және Алина Чистякова енді.
Қазақстандық спортшылар түрлі қашықтықтағы жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, стипль-чез, спорттық жүріс, биіктікке, ұзындыққа және сырықпен секіру, сондай-ақ жетісайыс пен эстафеталық жарыстарда бақ сынайды.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 9-12 шілде аралығында Қытайдың Ордос қаласында өтеді.