Қазақстан секіру спортынан алғашқы Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Қытайдың Чунцин қаласында өткен тарихтағы алғашқы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады.

Командаға жалғыз жүлдені Елизавета Матвеева алып келді. Қазақстандық спортшы биіктікке секіруден 180 сантиметр нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Осы дисциплинада Надежда Дубовицкая 175 сантиметр нәтижемен тоғызыншы орын иеленді.

Мария Ефремова үш қарғып секіруден бесінші орын алды (13,32 метр). Полина Иванова сырықпен секіруден дәл сондай нәтиже көрсетті — 4,10 метр. Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруден 5,52 метр нәтижемен 12-орынға тұрақтады.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бір қола медальмен сегізінші орынға жайғасты.

Медальдық есепте бес алтын, төрт күміс және үш қола алған Қытай құрамасы жеңімпаз шықты. Екінші орынды Өзбекстан иеленсе, үшінші сатыға Қатар орналасты.