Басты бет
·
Хоккей

Қазақстан құрамасының қақпашысы «Адмиралдың» жеңісті матчында шайба соқты

Али Асетов··
«Барыс» ХК

«Барыс» ХК

Қазақстандық қақпашы Никита Бояркин ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Владивостоктың «Адмирал» клубы мен Санкт-Петербургтің СКА командасы арасындағы матчта гол соқты.

Кездесу алаң иелерінің 4:0 есебімен ірі жеңісімен аяқталды. Алғашқы шайбаны бірінші кезеңде Егор Чезганов соқты. Екінші кезеңде Иван Янченко мен Даниэль Усманов есеп айырмасын ұлғайтты.

Ал төртінші шайбаны Никита Бояркин өз еншісіне жазды. Қазақстандық қақпашы қарсылас қақпасының бос қалғанын пайдаланып, шайбаны алыстан дәл бағыттап, матчтың соңғы есебін белгіледі.

ҚХЛ. Тұрақты чемпионат

«Адмирал» (Владивосток) – СКА (Санкт-Петербург) – 4:0

Шайбалар: 1:0 – 08:17, Чезганов; 2:0 – 20:26, Янченко; 3:0 – 36:05, Усманов; 4:0 – 53:32, Бояркин.

22 матчтан кейін «Адмирал» 23 ұпай жинап, Шығыс конференциясында алтыншы орында тұр. Ал 21 ойыннан соң 21 ұпай еншілеген СКА Батыс конференциясында тоғызыншы сатыда орналасқан.

Владивостоктық клуб келесі кездесуін астаналық «Барысқа» қарсы өткізеді. Командалар 6 қарашада «Фетисов Аренада» кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен сағат 14:30-да басталады.