Басты бет
·
Хоккей

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бреус «Тракторға» ауысты

Бекарыс Әлімхан··
«Торпедо»

«Торпедо»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус мансабын «Тракторда» жалғастырады. Челябі клубы 22 жастағы хоккейшіні «Торпедомен» айырбас нәтижесінде қатарына қосты.

Кері бағытта қорғаушы Владислав Юсупов жіберілді. Бұл туралы «Трактордың» баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады. Бреус 2026/27 маусымында әзірге бірде-бір матч өткізген жоқ.

Алматының тумасы КХЛ-дегі дебютін «Торпедо» сапында 2023/24 маусымында жасады. Өткен чемпионатты «Барыста» жалға алу негізінде өткізді. Жалпы КХЛ-де 98 матчқа қатысып, 16 (3+13) ұпай жинады. Сондай-ақ қорғаушы «Чайка» құрамында Харламов кубогын жеңіп алған.

Юсупов — «Трактордың» тәрбиеленушісі. Челябі клубының сапында КХЛ-де 27 матч өткізіп, 5 (1+4) ұпай жинаған. Енді 21 жастағы қорғаушының құқықтары «Торпедоға» тиесілі.