Қазақстан су добынан Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Фото: Никита Басов
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан 2026 жылғы Азия ойындарында медаль үшін күресін жалғастырады.
Ширек финалда қазақстандық су добы шеберлері Оңтүстік Корея құрамасын 18:14 есебімен жеңді.
Қазақстандықтар кездесудің алғашқы минуттарынан бастап ойынды бақылауына алып, соңына дейін басымдықты сақтап, жеңіске жетті. Осылайша құрамамыз турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы үш матч өткізді. Алғашқы ойында жарыс қожайыны Жапониядан 11:19 есебімен жеңілген. Одан кейін Гонконгты (29:15) және Таиландты (21:6) сенімді түрде ұтты.
Енді Қазақстан құрамасы жартылай финалда ойнайды. Қарсыласы Қытай мен Таиланд арасындағы ширек финалдық матчтың нәтижесі бойынша анықталады.
Еске салайық, ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр. Жарыс 4 қазанға дейін жалғасады.