Қазақстан триатлоннан Азия кубогы кезеңінде күміс жүлде иеленді
Бөлісу

ҚР ҰОК
Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтіп, онда Қазақстан құрамасы жүлделі нәтижемен көзге түсті.
Ерлер арасындағы жарыста Арлан Жанабай 01:47:07 уақыт көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Алтын медальды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев (01:46:38) иеленді. Үшінші орынды жапониялық Рен Сато (01:47:23) алды.
Сондай-ақ ерлер арасында Темірлан Теміров тоғызыншы болып мәреге жетсе, Дарын Қонысбаев 12-орынға ие болды. Елмұрат Қанай 23-орын алса, Максим Шмулич 29-орында, Әлинаби Маралбеков 35-орында аяқтады.
Әйелдер жарысында қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтиже Диана Ержановаға тиесілі, ол 02:14:43 уақытпен сегізінші орын алды. Арина Шульгина 12-ші, Айда Ким 13-ші болып мәреге жетті.