Қазақстан U-16 Испанияның «Вильярреал» академиясымен тең түсті

ҚФФ
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Грузияда өтіп жатқан халықаралық турнирдегі кезекті матчында тең нәтижеге қол жеткізді.
Қазақстандық футболшылар Испанияның «Вильярреал» клубы академиясының тәрбиеленушілерімен кездесіп, жеңімпазды анықтай алмады.
Батуми қаласында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Никита Духов соқты.