Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстан U-23 Азия чемпионатына қатысатын семсерлесушілер құрамын жариялады

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында 28 қазан мен 2 қараша аралығында өтетін 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатына 24 семсерлесушіні апарады.

Қазақстандық спортшылар семсер, қылыш және рапира бойынша сынға түседі. Әр қару түрінен ел намысын сегіз спортшы қорғайды. Олардың төртеуі – ерлер, төртеуі – әйелдер.

Семсер сайысы: Кирилл Проходов, Богдан Лукин, Георгий Тинников, Михаил Кузьмин, Каролина Фомина, Наталья Зинякова, Мария Лесовская, Полина Лесовская.

Қылыш сайысы: Қуаныш Ерғашбай, Қайназар Нұрқатұлы, Бексұлтан Әбжал, Ерхан Қараман, Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Әдемә Серікбай.

Рапира сайысы: Ғалым Нұрумов, Тимофей Семёнов, Мансұр Естеу, Евгений Токанов, София Ақтаева, Алёна Гноева, Алина Искандерова, Ксения Андреева.

Айта кетейік, Қазақстан құрамында халықаралық ірі жарыстарда тәжірибе жинаған спортшылар да бар. Атап айтқанда, Кирилл Проходов бұған дейін ересектер арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғаған. Сондай-ақ Ғалым Нұрумов, Тимофей Семёнов және София Ақтаева құрлықтық жарыстарға қатысқан.

Қазақстан U-23 Азия чемпионатына қатысатын семсерлесушілер құрамын жариялады – sport-hub